Тақырыпсыз толғаныс

    Түн. Ерке қыздың мінезі секілдес Алматының ауа райы аяқ асты құбылды. Далада ышқынған жел тұрып, майысқан талдардың бұтағы мен жапырақтарының сыбдыры жаңбырдың келе жатқанын білдіргендей. Сөйлемімді аяқтағанша, міне жауды да кетті.  Маған дәл қазір бәрібір. Өзің жайлы қиялға маспын. Бүгінгі сенімен өткен кештің сұлбасын қайта- қайта көз алдыма елестетем. Көктемнің соңғы күнінде(дұрысы бір күн қалғанда) көрістік-ау. Сырт көзбен қарағанда жай ғана киноға бардық. Жай ғана қатар отырып, қайтарда, үйіңе жеткенше әңгіме құрып, жалпы(жалқы емес) тақырыптарды қозғадық. Бірақ, осы жай ғана құбылыстар менің ішкі әлеміме қандай жай түсіргенін білесің бе? «Адам өзінің өткенімен күліп қоштасып отырған» Больше

Сағыныш пластинкасы

Поезд жүрісін үдетер емес…

 “Махаббат станциясы” киносында Оралдың ойға батқанындай болмаса да, жаңа жылға бір аптаға үйге кеткенімде, сол аралықта сені көрмесем қалайша шыдармын деп толғанғаным бар еді. Қол ұстасып бір жүрген уақыт аралығында ең ұзақ көріспеген мезгіл бір күн екен. Оның жанында бір апта алынбас қамалдай, өтпес азапты сағаттардай көрінді. Жол жүрер түннің алдында көріскеніміз көрген түстей тым тәтті еді. Әлде, жаңа жылдан бір жылымық күтетін көктем көңілдің жанынды қиялымен қытықтаған еркелігі болар. Уәделі уақыт кешкі 9. Больше

Көлеңке көңіл…


      Күлейін бе, әлде жылайын ба?.. Сені тағы да, тағы да түсімде көрдім. Күнде солай. Жолымыз екі айырылды, қосылуымыз екі талай дейік, бірақ мүмкін… Күндіз жанымды жегідей жеген, кемірген мұңнан жұмыс, оқу, достарым алдарқатқанымен, оның есесін әр түн сайын екі, жоқ тіпті 10 есе өзің қайтарасың. Қалай дейсің ғой? Түсіме кіресің. Сенсең, күнде… Больше

Мені сағыншы

Өткеніңді ойлайсың ба, ойламайсың ба, өзің(біз) жайлы ертегінің желісіне бойлайсың ба, әлде келмес сәулелі сәттердің қызығына сүңгіп тоймайсың ба, өзің біл. Тек, мені сағыншыБольше

Мені сүйші

Өзіңді ойламау-мен үшін күнә. Тым тәтті еді біз қол ұстаса бірге жүрген күндер. Ащылығы бір сәтте аранын ашар деп аңғармаппын. Кінәні кімге таңарымды да білмеймін. Сен де, мен де өзіндік ұстанымның шеңберінде қалдық. Біреуіміз бұзбадық. Неге?

Өзіңді сағынбау— түнекті ойдың түрмесіне ырқымды қамаумен тең. Сартап болған сағыныш санамды улап, сары уайым салмағы инедей жүректі шаншуда. Аямайды. Неліктен? Больше